Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театр академиялық атақ алды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 80 жылдық тариxы бар театрға академиялық атақ берілді, деп xабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.


     

     

    Өткен жылы облыс әкімдігінен драма театрға академиялық атақ беру жөнінде мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс тасталған болатын. Бүгінде сол ұсыныс қаралып, оң шешімін тапты. Өнерге қолдау, екпін келмей дамымайтынын алға тартқан театр директоры Берік Жаменов облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

    -Соңғы екі жыл ішінде театр үлкен белестерге жетті. Шет елге гастрольдік сапарларға шығып, бірқатар шақыртулар алды. Өткен жылы 25-ші рет өткен республикалық театр фестивалінде бірінші орынға ие болды. Осы еңбек еленіп, бүгінде облыс әкімінің тікелей қолдауымен академиялық атақ алып отырмыз. Бұл бастаманы Қазақстан театрлар ассосациясының президенті Асанәлі Әшімовтың өзі қолдады. Осының барлығы театр қызметкерлерінің еңбегі,-дейді Берік Жаменов.

    Айта кету керек, облыстық академиялық драма театр күзге таман өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Театр басшылығының мәлімдеуінше, мерей той қарсаңында ТМД және өз еліміздегі ірі театр ұжымдарымен бірлесіп фестиваль және танымал әртістер қатысуымен шеберлік сағаттарын өткізу жоспарлануда.

    Tags: , ,

    Leave a comment