Атырау облысында жаңа спорт кешені қолданысқа берілді

Тәуелсіздік күніне орай Атырау қаласы маңындағы ауылда кезекті әлеуметтік нысан ашылды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

 
 

Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Томарлы ауылында үлкен футболға және жеңіл атлетикаға арналған жаңа спорт алаңы салтанатты түрде қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов, қарттар мен ауыл тұрғындары қатысты.

 

– Енді бізде де үлкен спорт алаңы бар, немерелеріміз ойын ойнап, дамып, Қазақстанның болашақ чемпиондары болады. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, бұл – біз үшін үлкен қуаныш,- деп сөз сөйледі Қайыршақты ауылдық округінің ардагері Мұрат МУСИН.

 

Айта кету керек, стадион аумағында екі қабатты ғимарат орналасқан, онда душ бөлмесі және гардероб, екінші қабатында жаттығу залы бар. Бұдан басқа, алаңда үлкен және кіші футболға арналған екі футбол алаңы, сондай-ақ ұзындығы 400 метрлік екі жолақты жүгіру жолы бар.

Tags: , , ,

Leave a comment